Жаңалықтар

Ресейде «Ленинград», «Сталинград» атты қала атаулары қайта қалпына келтірілмек

Ресейде «Ленинград», «Сталинград» атты қала атауларын ұшқыштар қайта қолданады/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов.
Ресейде «Ленинград», «Сталинград» атты қала атауларын ұшқыштар қайта қолданады/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов.

Ресейде «Ленинград», «Сталинград» атты қала атаулары қайтарылды. Әзірге үш күнге, тек қана ұшқыштар үшін қала атаулары өзгермек.

8–10 мамыр аралығында Санкт-Петербург пен Волгоград қалалары авиадиспетчерлік жүйеде уақытша түрде тарихи атаулары – Ленинград және Сталинград деп аталмақ.

Бұл бастаманы Ресейдің әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы көтерді.

Айтуларынша, бұл шара Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығына арналады.

Ресми құжатқа сәйкес, 8 мамыр 00:00-ден 10 мамыр 23:59-ға дейін Пулково (Санкт-Петербург) мен Гумрак (Волгоград) әуежайларында ұшқыштар авиадиспетчерлермен байланыс кезінде «Ленинград-Подход (Контроль)» және «Сталинград-Подход (Контроль)» деп хабарласуы тиіс.

Бұл тек радиобайланыс пен әуе навигациясында қолданылады және қалалардың ресми атауларына әсер етпейді. Яғни Ресейде «Ленинград», «Сталинград» атаулары әлі күнге дейін ұмытылмай келеді.

Мұның алдында Ресей шабуылынан Украинаның Сумы қаласында 34 адамның көз жұмғанын жазған едік.