
Ресейлік қаржыгерлер халықаралық есеп айырысу үшін ұжымдық валюта жобасын дайындап жатыр. Жаңа валюта алтынға байланады. Бұл туралы Ресейлік банк конференциясы кезінде Мемлекеттік думадағы қаржы нарығы комитетінің басшысы Анатолий Аксаков айтқан.
Ұжымдық валюта деген не?
«Біз өзара есеп айырысу үшін ұжымдық валютаны пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Бұл үшін банктердің есеп айырысу жүйесі қолданылуы мүмкін. Жаңа валютаға алтын паритеті негіз бола алады – мысалы, бұл алтынмен қамтамасыз етілген БРИКС-тің «алтын» валютасы болуы мүмкін. Мұндай идеялар белгілі бір зерттеулер мен әзірлемелерге түрткі болды және олар қазірдің өзінде қызықты нұсқалар ретінде қарастырылып жатыр», – деді Анатолий Аксаков.
Мұндағы ұжымдық валюта дегеніміз – бірнеше ел бірігіп қолданатын ортақ ақша бірлігі. Еуропадағы еуро соған мысал бола алады. Еуроны одақ ішіндегі мемлекеттер өзара есеп айырысу үшін қолданады. Мемлекеттік дума ұсынып отырған валюта осы тәрізді. Ол бірнеше ел арасында есеп айырысуда қолданылатын, бірақ күнделікті ішкі айналымда жүрмейді.
Аксаковтың сөзінше, экономикалық келісім аясынжа халықаралық есеп айырысуда қолданатын ұжымдық валюта алтынға байланады. Яғни жаңа валюта мен бағаы металл арасында белгілі бір бағамды бекітеді. Жаңа қаржы құралы БРИКС-ке мүше елдер арасында пайдаланады деген болжам бар.
БРИКС-тің валютасы деген не?
БРИКС елдерінің ортақ валютасы туралы әңгіме былтыр басталған. Ресей ұйымға мүше елдердің орталық банктерімен бірге BRICS Bridge атты платформа дайындап жатқаны хабарланды.
Ол платформа қатысушы елдердің ұлттық цифрлық валюталарына (CBDC) негізделіп жұмыс істейтін болады. Осы арқылы өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған біртұтас инфрақұрылым құрылады. Бұл дегеніміз SWIFT немесе коммерциялық банктер сияқты дәстүрлі делдалдарды пайдаланудың қажеттілігі болмайды.
Және осы платформа аясында ортақ валюта қолдану мәселесі көтерілген. Идеяны ұсынушы – Ресейдің қаржы министрлігі. Ведомство ортақ валюта санкцияларды айналып, өзара төлем жасау үшін қажет деп түсіндірген.Ол жерде БРИКС елдері өзінің ұлттық валютасымен есеп айырыса алады. Сондай-ақ ұйым елдері арасындағы ортақ валюта мәселесі де көтерілген. Ресейдің қаржы министрлігі бұл платформа санкцияларды айналып, өзара төлем жасау үшін қажет деп түсіндірген.
Бірақ жаңа жоба өзгелерген ұнай қойған жоқ. АҚШ президенті Дональд Трамп егер Брикс ортақ валютасын шығарып, долларды пайдаланудан бас тартса, Америкаға кіргізетін тауарларға 100%-дық тариф салатынын айтты.
«Біз олардан, мүмкін дұшпан елдерден, БРИКС-тің жаңа валютасын шығармауды және АҚШ-тың қуатты долларын ауыстыратын басқа валютаны қолдамауды талап етеміз. Онда 100 пайыздық тарифтермен бетпе-бет келіп, АҚШ-тың тамаша экономикасымен қош айтысуына тура келеді», – деп жазды ол Truth Social атты әлеуметтік желісіндегі парақшасында.