Шерзат ісі: төбелес кезінде дүкенде болған әйел сотқа куәгер ретінде қатысып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Куәгер Эльмира Нұрбекова/фото: видеодан скриншот
Куәгер Эльмира Нұрбекова/фото: видеодан скриншот

Шерзат Полат ісінде куәгер ретінде Эльмира Нұрбекова шақырылды. Ол – қайғылы жағдай кезінде сотталушылармен бірге оқиға орнына келген екі әйелдің бірі. Әйел сотталушылардың ішінде тек үш адамды танитынын айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Іс барысында прокурор Ержан Құрақбаев куәгерден не себепті жедел жәрдем немесе полиция шақырмағанын сұрады.

Прокурор: Сіздердің қолдарыңызда ұялы телефон болды ма?

Куәгер Эльмира Нұрбекова: Ұялы телефон сөмкемде болды. Сөмкем көлікте болды.

Прокурор: Неге ол көліктің ішінде тұрды? Сіздерге сол жерге (қылмыс орнына) полиция мен жедел жәрдемді шақыруға кім кедергі келтірді?

Куәгер Эльмира Нұрбекова: Мен жедел жәрдемге қоңырау шалғым келді. Бірақ қорықтым.

Прокурор: неге қорықтыңыз?

Куәгер Эльмира Нұрбекова: Біріншіден, мен шок жағдайында болдым. Мен телефонымның қайда қалғанын білмедім. Телефон ұстап тұрған әйелді көрдім, оған 3-4 рет дауыстап «жедел жәрдем шақырыңыз» деп айғайладым.

Судья сот отырысы өтетін күндерге өзгеріс енгізілгенін айтты. Соған сәйкес, мереге байланысты алдағы апталарда сот отырысы 28-29 сәуір, 5-6 мамыр сағат 10:00-де өтеді.

Айта кетейік, қылмыстық істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.

Сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар:

Абзал Шынасыл;

Равиль Сакиев;

Шыңғыс Белғожаев;

Дархан Әскентай;

Нұрбол Тоқтаубаев;

Азамат Тоқтаубаев;

Нұрқияс Ілиясов;

Дидар Қалиахмет;

Думан Ысқақ. 

2025 жылдың 18 сәуірінде жәбірленушілерден жауап алынды. Бірінші болып Шерзат Полаттың әжесі сотта жауап берді. Одан кейін марқұмның анасы Гүлбара Бишембиевадан жауап алынды. Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов жанжалдың неден басталғанын айтып берді.

Сондай-ақ оқыңыз