Сотта Шерзат Полаттың ата-анасынан жауап алынып жатыр – тікелей трансляция

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат
Қаржаубай Нұрымовтан жауап алынады/фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 18 сәуірде жәбірленушілерден жауап алынады, деп хабарлайды KursivMedia.

10:20 Жәбірленуші кәмелетке толмаған Махмет Қытай халық республикасында болуына байланысты сот отырысына келе алмайтыны белгілі болды. Оның сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген мәліметі сотта жарияланатын болды.

10:23 Алдымен марқұм Шерзаттың әжесі Жұмабике Қадыровадан жауап алынатын болды.

10:24 Судья жәбірленушіден «Сотталушылардың арасында кімді танисыз?» деп сұрады . Қадырова тек сотталушы Абзал Шынасылды білетінін айтты. Алайда бұл іске дейін ешқайсысымен таныс болмаған.

Әжесінің сотта берген жауабын мына жерден оқи аласыздар.

Жұмабике Қадырованың айтуынша, қазірге дейін сотталушылардың туыстары марқұм Шерзат Полаттың отбасынан кешірім сұрамаған.

«…Бәрі Шерзатқа қарай жүгіріп кетті. Алдынан шыққан мені де қағып жіберді. Орнымнан тұра алмай жатырмын. Сол жерге барған адамның бәрі қол көтерді. Қол көтермеген, аяғымен теппеген бір адам қалған жоқ. Менің баламның бұларға не істеп қойғанын әлі түсіне алмай келемін. Аппақ шашыммен кешірім сұрауға бардым», – дейді марқұмның әжесі.

Жәбірленуші сотталушылар оқиға болған орынға дайындықпен келген деп санайды.

«Ұлым Қаржаубай «16 жастағы баланың (сотталушы Ысқақ – ред.) өміріне балта шаппайық, кешірім берейік», деді. Бәрін де кешірдік, Алла кешірсін бұларды. Бір Аллаға тапсырып қойыппын. Судья, ақиқат үкім кесесіз бе, кеспейсіз бе, қорғап алып қаласыз ба, жақтап қаласыз ба, ол сіздің ар-намысыңызға берілген дүние», – дейді марқұмның әжесі.

11:35 Марқұмның анасы Гүлбара Бишембиевадан жауап алу басталды. Жәбірленуші сотталушылардың ешқайсысын танымайтынын айтты.

«Дүкеннің алдында 10-15 адамды көрдім. Адамдардың арасында екі қыз болды. Сол жерде біреу «делайте» деп айтады. (Сотталушы – ред.) Дархан Әскентай Шерзаттың бетінен ұрды. Ол жерге құлап түсті. Бұлар Нұрқанат пен Шерзатқа жабылады. Мен Шерзатқа жүгіріп бара жатқан кезде, (сотталушы – ред.) Абзал Шынасыл мен (сотталушы – ред.) Нұрбол Тоқтаубаев қолымнан ұстап алады. «Менің балама тиіспеңдерші, мен анасымын» деп өтіндім. Абзал Шынасыл маған «аузыңды жап, сені де өлтіреміз» деді», – дейді Бишембиева.

12:29 Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишембиевадан жауап алу аяқталды.

12:30 Сағат 14:00-ге дейін үзіліс жарияланды. Үзілістен кейін жәбірленушілерден жауап алу жалғасады.

14:15 Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтан жауап алу басталды.

Істі судья Ержан Жанұзақов қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушылар – Дана Сәрсенбай мен Ержан Құрақбаев.

Айыпталушылар қатарында 9 адам бар

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша сотталушылар қатарында 9 адам бар. Олар:

Абзал Шынасыл;

Равиль Сакиев;

Шыңғыс Белғожаев;

Дархан Әскентай;

Нұрбол Тоқтаубаев;

Азамат Тоқтаубаев;

Нұрқияс Ілиясов;

Дидар Қалиахмет;

Думан Ысқақ.

Сондай-ақ оқыңыз