Қазақстан банктері үш айда 664 млрд теңге таза пайда тапты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстан банктері қанша пайда тапты / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан банктері қаңтар-наурыз аралығында 664 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл қаңтар-ақпан айларындағы 448 млрд теңге таза пайдамен салыстырғанда 47 пайыз артық.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, банктердің жалпы кірісі 24,1 трлн теңгені құраған. Соның ішінде қайта бағалаудан түскен кірістің үлесі басым. І тоқсанда ол 11,3 трлн теңгені құрады.

Ал шығысы табыс салығын ескергенде, 23,4 трлн теңгеге жеткен. Соның ішінде қайта бағалауға кеткен шығыс 20,6 трлн теңгені құрайды. Ал сыйақы төлеуге байланысты шығыны 1,1 трлн теңгеден асты.

Наурыз айында банк секторының жиынтық активі өсіп, 61 трлн теңгеден 62 трлн теңгеге жетіп қалған. Ал міндеттемелері – 52,6 трлн теңге. 21 банктің 9,3 млрд теңге капиталы бар.

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар. 12 банк шетелдің қатысумен жұмыс істейді. Олардың тоғызы – 9 еншілес банк. 2024 жылы банктердің жиынтық табысы 2,6 трлн теңгеге жеткен.1 нау

1 наурыздағы жағдай бойынша ең көп пайда тапқан банктер қатарында «БанкЦентрКредит», Bereke Bank және «Қазақстан Халық Банкі» енген. Олардың жалпы таза пайдасы 226 млрд теңгені құрайды. Бұл -банктердің жалпы пайдасының жартысына тең көрсеткіш.

Сондай-ақ оқыңыз