
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші мәрте тұрмысқа шықты. Бұл қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөлісті.
«Жаңа қадамның басы, Баракаллаху фикум», – деп жазды Айжұлдыз.
Айта кетейік, бұған дейін Айжұлдыз танымал мобилограф Қыран Талапбекпен отбасын құрған еді. Алайда олардың некесі ұзаққа созылмай, ажырасып кеткен. Бұрынғы жұптың ортақ Назар есімді ұлы бар.
Айжұлдыздың қазіргі таңдауы — экстремалды контенттерімен танымал блогер Сәкен Кагаров. Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілектерін жаудырып, жарыса пікірлер жазып жатыр.