Алматыда атыс ұйымдастырған екі күдікті ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы полициясы атыс ұйымдастырған екі күдіктіні ұстады / фото: polisia.kz

Алматы қаласының Өжет ықшамауданында ер адамның көлігіне оқ атылғаны бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстаған. Олардың қолынан атыс қаруы тәркіленген.

«Аталған дерек бойынша Түрксіб ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы мен күдіктілердің әрекеттері тергеу барысында анықталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда «барахолка» маңында 100 ге жуық заңсыз сауда орындары жабылғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз