Сауда соғысына қарамастан, Netflix қыруар табыс тапты

2025 жылы бүкіл әлемдегі ірі компаниялар көп қаражат жоғалтса, Netflix жылдың алғашқы тоқсанын табыспен аяқтады.
Оның ішінде қазір бүкіл әлем көріп жатқан «Жеткіншек» британ сериалының үлесі де бар деп жазды Bloomberg.
Әлемдегі ең ірі онлайн-телеарна желісі қожайының мәлімдеуінше, компания табысы 25%-ға артып. Бұған дейін оның Netflix акциялары 2,2%-ға көтеріліп, 994,31 долларға дейін жеткен. Сату 13%-ға дейін көтеріліп, 10,5 млрд долларға дейін жеткен.
Netflix 2024 жылдың аяғында 18,9 млн клиент жинаған. Сарапшылардың көбі компания өсімі 2025 жылы тежеледі деп болжаған. Оның үстіне Netflix өзінің ең үлкен нарығы – АҚШ-та бағаны көтерген. Мұндай жағдайда жаңа клиент тарту қиын.

«Жеткіншек» сериалынан бөлек, онлайн-телеарна желісі осы айда шыққан The Night Agent (Түнгі агент) және реслинг туралы жаңа WWE Raw шоуына үміт артып жатыр.
Мексика түсірген Counterattack (Қарымта шабуыл) сериалы Netflix тарихында шетел тіліндегі ең танымал фильмге айналды.