Маңғыстау облысына келген Тоқаев Ақтаудағы маңызды нысандарды аралады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді / Фото: Ақорда

Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығы мен Yessenov Technopark қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақтаудағы алғашқы орталық

Президентке азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығының аймақтағы өңірді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатындағы рөлі туралы айтылған.

Аймақта алғаш салынған орталықтың аумағы 80 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 40 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік бар. Жобаға инвесторлардан 5 млрд теңге тартылған. Жобаны жүзеге асыруға 5 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл соңында орталықтың екінші кезеңі іске қосылуы керек.

Yessenov Technopark

Орталықтан шыққан соң, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан Шахмардан Есенов атындағы технология паркіне барған.

Бұл технопарк заманауи инфрақұрылыммен жасақталған. Технопарк стартап, жоба әзірлеумен айналысатын кәсіпкерлер мен студенттерді, сондай-ақ мектеп оқушыларын қолдауға бағытталған.

«Мемлекет басшысына инновациялық зертханалар мен шеберханалар таныстырылды. Онда студенттер мен жас мамандар электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігіншілік дағдыларын меңгереді», – делінген Ақорда хабарламасында.

Тоқаев сонымен қатар технопаркте орналасқан шетелдік стандарттар негізінде ІТ-мамандарды даярлайтын оқу аймағы, цифрлық әрі телекоммуникациялық құзыреттерді дамытуға бағытталған зертхананы аралаған.

Мұнда осы технопарк студенттерімен кездесіп, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамытуға қатысты жастардың талпынысын қолдаған. Сонымен бірге елімізде көлік-логистика саласының білікті мамандарына сұраныс жоғары екенін атап өтіп, жастарды сапалы білім алуға шақырған.

Сондай-ақ оқыңыз