СҚО әкімдігі «Бессмертный полк» акциясы өткізілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Желіде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің өңірде «Бессмертный полк» акциясы өткізілетіні туралы видеосы тарады. Әкімдік бұл бейнероликтің жасанды интеллект көмегімен әзірленгенін, әкімнің мұндай ақпарат таратпағанын хабарлады.
«Интернет пен әлеуметтік желілерде жасанды интеллект көмегімен жасалған СҚО әкімінің баспасөз қызметінің жалған ақпараты мен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен жалған видео таралуда. Аталған жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына өтініш берілді. Ақпаратты ресми дереккөздерден тексеріңіздер», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жалған ақпаратта 9 мамырда Петропавл қаласында «Бессмертный полк» акциясы ұйымдастырылатыны, шараға әкімнің өзі қатысатыны жөнінде айтылған. Сонымен бірге жалған ақпаратта мұндай акцияны ұйымдастыруға ешкім тыйым салмағаны атап көрсетілген.