Қатерлі ісіктің емі табылуға жақын – ЖИ шешімін таппақ

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Қатерлі ісіктің емі Қзаақстанда 230 000 адамға керек/фото: shutterstock
Қатерлі ісіктің емі Қазақстанда 230 000 адамға керек/фото: shutterstock

Қатерлі ісіктің емі табылуға жақын қалды. Жасанды интеллект ісік жасушаларын жоятын молекулалар жасап жатыр.

CNN ақпаратына қарағанда, бұл салада технологиялық серпіліс болды.

ЖИ-дің артықшылығы неде?

Ұлыбританиялық LabGenius биотехнологиялық компаниясы әзірлеген жасанды интеллект жүйесі осы үдерісті түбегейлі өзгертіп отыр.

Олар жасап шығарған автоматтандырылған, роботтандырылған платформа машиналық оқыту алгоритмдері арқылы жұмыс істейді.

Бұл жүйе мәліметтерді талдайды. Сонымен қатар тәжірибе жасап, олардың нәтижелерінен өздігінен үйренеді. Әрі жаңа гипотезалар ұсынып, келесі тәжірибелерді өзі жоспарлай алады.

Ғылымның жаңа дәуірі

LabGenius технологиясының басты ерекшелігі — адамның араласуынсыз жұмыс істей алатынында. Яғни, бұл жүйе зерттеу, талдау және шешім қабылдау процестерін толықтай өзіне алып, жасанды интеллекттің ғылыми-зерттеу саласында жаңа дәуірін бастады.

Компанияны қатерлі ісіктің емі қызықтырған. Осы әдіспен бұл ауруға қарсы қолдануға болатын жаңа буындағы антиденелерді анықтау үстінде.

Ісік жасушаларын жояды

Бұл молекулалар адамның иммундық жүйесіне қатерлі ісік жасушаларын тиімді тануға және жоюға көмектеседі. Бұл технология сәтті дамыса, онда болашақта рак ауруларын ерте кезеңде емдеу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады.

Сонымен қатар, бұл тәсіл басқа да күрделі ауруларға қарсы дәрілерді әзірлеуде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, аутоиммунды аурулар, инфекциялық дерттер және сирек кездесетін генетикалық сырқаттар кезек күтіп тұр.

Медицинадағы қиын бағыт

Қатерлі ісікпен күрес – қазіргі медицинаның ең өзекті және күрделі бағыттарының бірі. Дәстүрлі тәсілдерде ғалымдар антиденелерді табу үшін ұзақ жылдар бойы жүздеген мың деректерді қолмен зерттеп, сынақтан өткізеді. Бұл көп уақыт пен ресурсты қажет етеді. Ал жасанды интеллект қысқа мерзім ішінде түйінді шешуі ықтимал.

Қазақстан үшін де бұл жаңалықтың маңызы ерекше. Өйткені елімізде бір жылдың ішінде 41 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдығып отыр.

Нақты айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, былтыр осы дерт 41 318 адамнан табылған.

Қатерлі ісік өсімі артты

Бұл – мың адамның 205-і осы ауруға шалдыққан деген сөз. Ал 2023 жылы 41 519 науқас тіркелген болатын. Онкологиялық есепте тұрғандар саны 230 000-нан асып жығылып отыр. Бұл дерттің саны артып келеді. Пайызға шақсақ, бір жылда 5,9%-ға өскені байқалды.

Ең жиі кездесетін обыр түрлері – сүт безі обыры (13,7%), колоректалды обыр (9,8%), өкпе обыры (9,3%). Асқазан обырын ашырағандардың көрсеткіші  7% болса, жатыр мойны обырының көрсеткіші – 4,7%.

Былтыр 3 млн-ға жуық адам қатерлі ісіктің алдын алу үшін скринингтен өткен. 138 адам биыл шетелге емделуге кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз