Жеңіс парадының негізгі дайындығы 3 және 5 мамырда өтеді

Жарияланды 18 Сәуір 2025 19:52

(жаңартылды 19 Сәуір 2025 23:48)
Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Жеңіс парадына дайындық 3-5 мамырда өтеді / Фото: Валерий Калиев

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парадқа дайындық барысын тексерді. Оған есеп берген Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Күшеқбаевтың баяндауынша, жеке құрамның дайындық жаттығулары аяқталуға жақын.

25 сәуірден бастап cарбаздар әскери техника мен авиацияның қатысуымен бірлескен жаттығуларға кіріседі. Бас репетициялар 3 және 5 мамырда Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында өтеді.

Әскери парад 7 мамырда болады. Оған:

  • 4 мыңнан астам әскери қызметкер,
  • 300-ге жуық әскери техника (соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің үлгілері),
  • 60 әскери ұшақ пен тікұшақ (майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиация) қатысады.

Ескертейік, 7 мамырда Астана әуесінен ұшатын рейстердің кестесінде де өзгеріс болады. Әуежай жолаушыларға алдын ала рейс кестесін тексеріп, қажетті ақпаратты әуе компанияларының ресми арналарынан немесе әуежайдың ресми сайтынан алуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыз