Қазақстандық гимнаст Милад Карими Дохадағы кубокта алтын алды

Жарияланды 18 Сәуір 2025 20:32

(жаңартылды 19 Сәуір 2025 23:45)
Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Қазақстандық гимнаст әлем кубогында алтын алды / Фото: olympic.kz

Қазақстанның спорттық гимнастикадан құрамасы Дохада өткен әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлайды.

Алтын медальді Қазақстанға Милад Карими әкелді (қазылар бағасы – 14,466 ұпай), күміс жүлдені Алтынхан Темірбек еншіледі (13,633 ұпай). Үздік үштікті Ұлыбританиялық Сэм Мостоуфи (13,600 ұпай) қорытындылады.

Ат спорты снарядындағы финалға Нариман Курбанов пен Зейнолла Идрисов қатысты. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14,566 ұпай жинап, Әлем кубогының қола жүлдегері атанды. Ал Зейнолла Ыдырысов 14,200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.

Бұған дейін Хорватияда өткен кезеңде Милад Карими турник жаттығуынан алтын, еркін жаттығудан қола медаль, ал Курбанов ат жаттығуынан қола медаль иеленген.

2025 жылғы спорттық гимнастикадан жеке снарядтар бойынша әлем кубогының бесінші кезеңі 16–19 сәуір аралығында Дохада өтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз