Қытайлық CNPC компаниясы Астана қаржы орталығында жаңа холдингін тіркеді

CNPC компаниясы Астана қаржы орталығы аумағында жаңа холдингін тіркеді. Жаңа ұйым CNPC Central Asia Ltd деп аталады.
Жаңа құрылымның негізгі қызметі ретінде CNPC-дің тікелей немесе жанама қатысу үлесі бар Орталық Азия елдеріндегі еншілес компанияларды басқару және бақылау көрсетілген. Бастапқы капиталы – 1 млн доллар
CNPC – Қытай мемлекеттік мұнай-газ компаниясы. Оның Қазақстанда 13 бірлескен мұнай-газ жобасында үлесі бар, сондай-ақ Орталық Азияның басқа елдерінде де жобаларды жүзеге асырып жатыр.
Мұнай өндіретін компаниялардағы үлесі (Energy Monitor дерегі бойынша):
95% — СНПС-Ақтөбемұнайгаз(Ақтөбе);
50% — КМК-Мұнай (Ақтөбе);
77% — ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз (Қызылорда облысы)
50% — Қазгермұнай (Қызылорда);
50% — Торғай Петролеум (Қызылорда);
100% — СНПС-АйДанМұнай (Қызылорда);
50% — Маңғыстаумұнайгаз және 50% — Buzachi Operating Ltd. (Маңғыстау облысы);
8,33% — NCOC B.V. (Қашаған кен орны).
Мұнай-газ құбырлары жобаларындағы үлесі:
49% — СЗТК «МұнайТас» (Атырау – Құмкөл бағыты, ұзындығы 450 шақырым);
50% — Қазақстан-Қытай құбыры (Кеңқияқ – Құмкөл және Атасу – Алашанькоу, жалпы ұзындығы 1800 шақырым);
50% — Азия газ құбыры ЖШС (Өзбекстан – Қорғас, 1300 шақырым);
50% — Бейнеу – Шымкент газ құбыры (1100 шақырым).
Мұнай өңдеу және маркетинг жобалары:
49,72% — ПетроҚазақстан Ойл Продактс ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты);
51% — KC Energy — мұнай өнімдерінің ең ірі көтерме сатушысы;
Биыл «ҚазМұнайГаз» бен CNPC компанияларының мұнай-газ химиясы бағытындағы жаңа жоба бастайды. Батыс өңірінде құны 1,2 млрд доллар болатын «Карбамид» зауытын салмақшы.