Авто

Май ағып тұр: Ford сегіз жыл бұрын сатылған 148 мың автокөлікті қайтарады

Ford биыл шығарған автокөліктерін де кері қайтарып жатыр / фото: Reuters

АҚШ жол қауіпсіздігі әкімшілігінің мәлімдеуінше, Ford компаниясы Құрама Штаттарда 148 мыңнан аса автомобилін кері қайтарады.

Бұған жаңа автокөліктерде май ағып тұруы себеп болды деп жазды Reuters. Мұндай жағдайда көліктің тежегіші дұрыс жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Автоөндіруші негізінен 2017–18 жылдары өндірілген Ford F-150, Expedition және Lincoln Navigator автокөліктерін қайтарғалы жатыр.

Бұған қоса, Ford 2025 жылы шығарылған Explorer үлгісіндегі 25 мыңға жуық автокөлігін қайтаруды көздеп отыр. Себебі агрегаторды басқару модулі (PCM) көлік жүріп келе жатқан уақытта жүйені өзгертіп жіберуі мүмкін. Соның салдарынан автомобильді тұраққа қою, тоқтау секілді әрекеттер дұрыс орындалмай қалады.

Дилерлер тежегіш цилиндрі немесе тежегішті күшейтуге жауап беретін бқлшектерді тегін ауыстыруы тиіс. Автомобиль иелері ескертуді 26 сәуірге дейін алуы керек.