Hermès – әлемде люкс санатындағы ең қымбат компания

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Hermes люкс компаниялардағы дағдарысты еңсеріп келеді / фото: Reuters.

Louis Vuitton, Dior, Tiffany және Sephora брендтеріне ие LVMH компаниясының акциялары 7%-ға төмендеді. Сол сәттен бастап Hermès әлемдегі ең қымбат люкс компанияға айналды.

Әлем экономикасын шайқаған сауда соғысы люкс компаниялардың қызметіне де кері әсер етіп жатыр деп жазды CNN телеарнасы.

Louis Vuitton мен Dior, сонымен бірге Tiffany & Co. зергерлік бренді, Sephora косметика дүкендерінің желісі 2025 жылдың алғашқы тоқсанда саудаға байланысты сенімді ақтамады. Өйткені АҚШ-тағы тұтынушылар косметика мен коньяк сатып алуды азайтты. Қытайда да сауда мәз емес болып тұр.

Соған байланысты осы брендтерге ие LVMH акциялары 7%-ға төмендеп, компания капиталы 246 млрд еуроға дейін азайды. Ал бұл уақытта Hermès компаниясының 247 млрд еуросы бар. Енді ол әлемдегі ең қымбат люкс компания.

Өнімінің басым бөлігін ауқатты адамдар тұтынатын Hermes саладағы дағдарысты басқаларға қарағанда жақсырақ еңсерді. Құны 10 мың доллар тұратын Birkin және Kelly сөмкелерін сатушы кмопания өндірісті жыл сайын 6–7%-ға арттырып отыр.

LVMH акциялары ғана емес, Gucci брендіне иелік ететін Kering акциялары да 2%-ға төмендеген. Италияның Prada компаниясының акциялары 4,2%-ға құлтыраған. Бұл уақытта Cartier брендіне ие Richemont 0,7% құнын жоғалтты. Солардың ішінде Hermès компаниясының акциялары ғана 0,3%-ға арзандады.

Инвесторлар люкс санатындағы компаниялар биыл дағдарыстан шығады деп үміттенген, алайда ғаламдық рецессия мұндай болжамның орындалуына кедергі жасап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз