Changan cs55 Plus кроссовері сыртқы дизайнын өзгертеді

Жарияланды 18 Сәуір 2025 12:42

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Changan cs55 Plus кроссовері сыртқы дизайны түбегейлі өзгереді/ Фото: AutoHome

Changan компаниясы жаңа буындағы CS55 Plus кроссоверін шығаруға дайындалуда. Бұл туралы AutoHome басылымы ҚХР Индустрия және ақпараттандыру министрлігі жариялаған жаңа үлгінің фотосуреттеріне сілтеме жасап хабарлады. Кроссовердің сыртқы дизаины түбегейлі өзгереді.

Жаңа CS55 Plus кроссовері қандай ерекшеліктерге ие

Қазақстанда сатылып жатқан аттас модельмен жаңа көлікті тек әйнектер сызығы мен артқы қанаттардағы бедерлі пішіндері ұқсастырады. Ал алдыңғы бөлігі мүлде жаңаша өңделген. CS55 Plus үлгісіне алып, жақтаусыз радиатор торы, ірі ауа қабылдағышы бар бампер және тік орналасқан жаңа жарық элементтері орнатылған. Артқы бөлігінде тұтас «монофонарь» пайда болып, бампер жаңартылған — онда жалған шығару құбырларының имитациясы бар. Жеңіл қорытпалы дискілердің диаметрі 19 дюймге дейін жетеді.

Фото: AutoHome

Техникалық сипаттамасы

Кроссовердің өлшемдері: ұзындығы — 4550 мм, ені — 1868 мм, биіктігі — 1675 мм, ал дөңгелек базасы — 2656 мм. Осылайша, CS55 Plus өлшем жағынан сәл ғана ұлғаяды, бірақ осьтер арасындағы қашықтық өзгеріссіз қалады. Бұл айырмашылықтар жаңа дизайн ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Кроссовердің базалық нұсқасы 192 ат күші бар 1.5 литрлік турбомотормен жабдықталады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 7 сатылы роботталған беріліс қорабымен және алдыңғы жетекпен жұптаса жұмыс істемек.

CS55 Plus әзірге Қытай нарығына шығады және бұл модельдің төртінші буыны ретінде ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз