Жаңалықтар

Жасыл аула: алматылықтарға тегін көшет тарату науқаны басталды

Көшет отырғызғаннан кейін, фотоесеп жіберіледі / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда «Жасыл аула» акциясы аясында тұрғындарға тегін көшеттер беріледі.  Экология және қоршаған орта басқармасы тегін көшеттер қай жерде таратылатынын хабарлады.

Аймақты көгалдандыру акциясы бойынша осы уақытқа дейін 228 өтінім мақұлданды. Шамамен 2000 ағаш көшеті таратылатын болады. Көпқабатты үйлер мен аулаларын көгалдандырғысы келетіндер ағаш көшеттерін тегін ала алады.

Көшеттерді тарату 19-20 сәуір күндері әр ауданның комьюнити-орталықтарында келесі мекенжайлар бойынша өтеді:

  • Әуезов ауданы – Мамыр-1 ықшамауданы, 26/1;
  • Алатау ауданы – Саялы ықшамауданы, 71;
  • Медеу ауданы – Назарбаев даңғылы, 36;
  • Жетісу ауданы – Боткин көшесі, 20;
  • Түрксіб ауданы – Жас Қанат ықшамауданы, 49А;
  • Алмалы ауданы – Байтұрсынов көшесі, 22/1;
  • Наурызбай ауданы – Шұғыла ықшамауданы, 343/7;
  • Бостандық ауданы – Абай даңғылы, 164/6.

Әр комьюнити-орталықта 100 данаға дейін көшет таратылады. Акцияға қатысушылар кейінірек көшеттердің отырғызылғаны туралы фотоесеп тапсыруы қажет.