Алматыда марафон: 68 автобустың бағыты өзгереді
Жарияланды

20 сәуірде өтетін марафонға байланысты Алматыдағы 68 автобустың бағыты өзгереді. Бұл туралы AlmatyJoly телеграм арнасы хабарлады.
«Almaty Half Marathon өткізілуіне байланысты, 20 сәуір күні сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, қоғамдық көлік бағыттарына өзгерістер енгізіледі», – деп хабарлайды телеграм арна.
Бұл күні 68 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгеріп, кейбірі тіпті шықпайды. Нақтырақ айтқанда, №1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25 троллейбустарының қозғалысы сағат 11:30-ға дейін тоқтатылады.
Осыған орай қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерді айналып өтетін қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылған.