«Көшпенділер қаласы» мен Таңбалы тас шатқалынан белсенділер 30 тонна қоқыс жинады
Жарияланды
(жаңартылды )

«AMANAT» партиясының белсенділері «Көшпенділер қаласы» мен Таңбалы тас шатқалы маңындағы Іле өзенінің бойынан бір күннің ішінде 30 тоннадан астам қоқыс жинады. Бұл қоқыстың екі жүк көлігімен арнайы полигонға шығарылғаны хабарланады.
Аталмыш тазалық акциясына 600-ге жуық адам қатысқан. Олардың арасында волонтерлер, жергілікті тұрғындар, партия мүшелері және «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері бар.
Алайда мұндай бір реттік тазалық жұмысы түйткілді толық шешпейді. Сондықтан партия өкілдері туристік аймақтарға арнайы мәртебе беру, контейнерлік қоқыс алаңдарын орнату, бейнебақылау жүйелерін енгізу және санитарлық нормаларды бұзғандарға жауапкершілікті қатаңдату сынды ұсыныстар енгізген.