АҚШ билігі Қазақстан азаматтарының елге қайтуын талап етіп жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
АҚШ билігі елде заңсыз жүрген қазақстандықтардың өз отанынан қайтуын талап етіп жатыр / Фото: kursiv.media

АҚШ билігі Қазақстан азаматтарының елге қайтуын талап етіп жатыр. Бұл туралы АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі хабарлады.

«АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға «CBP Home» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне оралуға шақырып жатқанын еске саламыз», – делінген елшілік хабарламасында.

«CBP Home» мобильді қосымшасы

Елшілік «CBP Home» мобильді қосымшасы арқылы Қазақстанға оралатын азаматтарға мынадай мүмкіндіктер берілетінін хабарлаған:

  • Азаматтың өзі қалаған рейсімен ерікті және қауіпсіз түрде елге оралу мүмкіндігі;
  • АҚШ-та жұмыс жасап, тапқан қаражаты сақталып, азаматтың өзінде қалады;
  • Құзырлы органдар тарапынан қамауға алынбайды және мәжбүрлі депортациясыз өз еліне оралады;
  • Әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қаржылай субсидия алу мүмкіндігі беріледі;
  • Болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта келу құқығына ие болады.

Депортация

Ал өз еркімен қайтпағандардың жағдайы біршама қиындайын деп тұр. Мұндай жағдайда басқа ел азаматтары жедел түрде депортацияланады.

«АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (DHS) қызметкерлері ешбір дайындықсыз, азаматтарды жедел түрде қамауға алады», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге мұндай азаматтарға айыппұлдар мен санкциялар қарастырылған. Егер азаматтар депортация шешімі бола тұрып, еліне қайтпаса оған тәулігіне 998 АҚШ доллар көлемінде айыппұл салынады. 

Ал бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардың жағдай тіпті қиын.

«Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі. Бұл жағдайда айыппұл шамамен 1 миллион долларға дейін баруы мүмкін», – деп ескертеді елшілік.

Айыппұлды төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда заңсыз жүрген шетелдіктерге тиесілі жылжымайтын және басқа да мүліктерін мемлекет меншігіне алу тәсілі қарастырылмақ. .

Бұдан бөлек «CBP Home» арқылы қайтатынын білдіріп, бірақ еліне оралмаған азаматқа 1000-5000 доллар көлемінде қосымша айыппұл қарастырылған. Оларға АҚШ-қа қайта келуіне тыйым салынып, ел аумағына заңды түрде қайта кіру құқығынан айырылады.

«Осыған орай, елшілік жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынылған мүмкіндікті пайдалануға шақырады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз