LRT құрылыс жұмыстарына байланысты Астанада жарты жылға жуық жол қозғалысы шектеледі
Жарияланды
(жаңартылды )

LRT құрылысына байланысты Астанада жарты жылға жуық жол қозғалысы шектеледі.
LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес мынадай мерзімдерде бірқатар көшелерде жол қозғалысы шектеледі:
- 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін 113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты, Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты ауыспада қозғалыс толық шектеледі.
- 22 сәуір сағат 22:00-ден бастап қыркүйектің 20-сына дейін Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.
«Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.