Министрлік Ақмола облысында балалар автобусының апатына қатысты түсініктеме берді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Оқу-ағарту министрлігі автобус апатына байланысты мәлімдеме жасады / Фото: kursiv.media архив

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар – Астана тас жолындағы автобус апатына байланысты ресми түсініктеме берді.

Министрліктің хабарлауынша, жекеменшік футбол мектебінде жаттығатын балалар тобы 2011–2012 жылы туған командалар арасындағы балалар турниріне қатысу үшін Астана қаласына жол тартқан. Бұл сапарға балалардың ата-аналары WhatsApp мессенджеріндегі ортақ чатта келісім берген.

«Бірақ балаларды тасымалдаған жекеменшік футбол мектебінің өкілдері бұл туралы жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарына алдын ала хабарламаған», – делінген комитет хабарламасында.

Комитет балаларды тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі жөнінде арнайы нұсқаулықтар бар екенін, оған сәйкес еріп жүруші тұлғалардың жауапкершілігі, көлік құралдарының техникалық жай-күйі, қажетті құжаттардың болуы және тасымалдау тәртібі нақтыланған.

Министрлік апатқа ұшыраған 16 баланың 15-і үйлеріне оралғанын хабарлады. Ал бір бала санитарлық авиация арқылы Павлодар қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, тұрғылықты жері бойынша ем қабылдайтыны айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз