Сауда министрлігі жұмыртқа, ұн, күріш және қарақұмық бағасы арзандағанын хабарлады

Сауда және интеграция министрлігі бірқатар әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы арзандап жатқанын хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері жұмыртқа бағасы 3%-ға төмендеген. Сәуір айында жұмыртқа бағасының индексі тұрақты болып қалған.
«Соңғы аптаның қорытындысы бойынша (8-15 сәуір аралығында) баға өзгермеді. Мысалы, 2025 жылдың қаңтар айында С1 санатындағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 548 теңгені, ақпанда — 546 теңгені, наурызда — 536 теңгені, ал сәуірде — 531 теңгені құрады», – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар мынадай өнімдердің бағасы арзандаған:
- Күріш – жыл басынан бері 4,7%-ға;
- Ұн – 1,8%-ға;
- Қарақұмық жармасы – 0,3%-ға арзандаған
Ал сүзбе, күнбағыс майы және рожки сияқты маңызды өнімдердің бағасы тұрақтылығын сақтаған.
Мына өнімдердің бағасы керісінше қымбаттаған:
- қырыққабат – 3,5%-ға;
- сәбіз – 1,6%-ға;
- пияз – 1,8%-ға;
- картоп – 1,7%-ға қымбаттаған.
«Көкөніс тобындағы бағаның өсуі маусымдық кезеңге байланысты. Әдетте маусымаралық сақтау мен логистика шығындарының артуына орай көкөніс бағасында өзгерістер болады», – деп түсіндіреді .