Жаңалықтар

Сауда министрлігі жұмыртқа, ұн, күріш және қарақұмық бағасы арзандағанын хабарлады

ЕуроОдақ тұрғындарға үш күндік азық-түлік қорын жинауға кеңес берді
Сауда министрлігі сәуір айында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандағанын хабарлады / Фото: shutterstock

Сауда және интеграция министрлігі бірқатар әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы арзандап жатқанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері жұмыртқа бағасы 3%-ға төмендеген. Сәуір айында жұмыртқа бағасының индексі тұрақты болып қалған.

«Соңғы аптаның қорытындысы бойынша (8-15 сәуір аралығында) баға өзгермеді. Мысалы, 2025 жылдың қаңтар айында С1 санатындағы 10 жұмыртқаның орташа бағасы 548 теңгені, ақпанда — 546 теңгені, наурызда — 536 теңгені, ал сәуірде — 531 теңгені құрады», – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар мынадай өнімдердің бағасы арзандаған:

  • Күріш – жыл басынан бері 4,7%-ға;
  • Ұн – 1,8%-ға;
  • Қарақұмық жармасы – 0,3%-ға арзандаған

Ал сүзбе, күнбағыс майы және рожки сияқты маңызды өнімдердің бағасы тұрақтылығын сақтаған.

Мына өнімдердің бағасы керісінше қымбаттаған:

  • қырыққабат – 3,5%-ға;
  • сәбіз – 1,6%-ға;
  • пияз – 1,8%-ға;
  • картоп – 1,7%-ға қымбаттаған.

«Көкөніс тобындағы бағаның өсуі маусымдық кезеңге байланысты. Әдетте маусымаралық сақтау мен логистика шығындарының артуына орай көкөніс бағасында өзгерістер болады», – деп түсіндіреді .