Тоқаев Ресейдің Энергетика министрін қабылдады
Жарияланды
(жаңартылды )

Мемлекет басшысы Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Қазақстан мен Ресей президенттерінің келісіміне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Министр Мемлекет басшысына Ресей Президенті Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді», – делінген хабарламада.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланған.