
Қазақстанның әлдебір өңірінде гректер өмір сүрсе, қалай болар еді? Ядролық сынақ алаңы ретінде неліктен Қазақстан жері таңдалды? Семейдің қандай сыры бар? Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің астрономия әлеміне не қатысы бар? – Qalam бұл жолы да оқырмандарына арнап түрлі тақырыпта, түрлі қызық деерк жинап, сауатты сарашылармен сұхбат жазып, пайдалы контент ұсынды.
Жоғалған гректер, құпия патшалықтар мен ұмытылған әлем
17-ғасырдағы утопия Орталық Азияға әуестікті қалай туғызды?
1689 жылы жұмбақ әлемді суреттейтін роман шығып, бүкіл әлемдегі оқырманға утопияның жаңа бір түрі ұсынылды. Оның сюжетіне сәйкес, Қазақстанның әлдебір өңірінде күнге табынатын гректер мекендейтін қала болады. Шығарма «Шангри-Ла» мен «Шамбала» сынды аңыздардың бұқаралық беллетристика беттерінде пайда болуынан бір ғасыр бұрын жарық көрген еді. Қазіргі география карталары пайда болардан көп жылдар бұрын Орталық Азияның «белгісіз мекендері» Батыс көркем әдебиетінде ерекше бағытқа айналып, бойына миф, саясат пен қиял-ғажайып элементтерін жинақтаған «жоғалған халықтар» туралы романдар жанрының дамуына шабыт берді.
Qalam-ның кезекті мақаласы осы утопияны талдау десек те болады. Бір жағынан бұл жанрдың қалай пайда болып, Орталық Азияда қалай таралғанын білгісі келетіндер үшін де мақала қызық болмақ.
Мақаланың толық нұсқасына өтпес бұрын, мазмұнын бір шолып шығуды ұсынамыз:
1. Көз көрмеген әлемді суреттеу: әдебиеттегі Орталық Азияға қайран қалу
2. Гелиополис: Орталық Азиядағы грек утопиясы
3. Жанр эволюциясы: жоғалған гректерден құпия монахтарға
4. Балаларға арналған романдар және имперлік фантазиялар
5. Шамбаладан ғылыми фантастикаға дейін
Жүрістің ауысуы
Әлемдік тәртіп қалай және не үшін өзгеріп жатыр? Бұл туралы LSE профессоры Барри Бузан түсіндіріп береді
Qalam-да тек мәдениетке, тарихқа байланысты мақалалар шығады деп ойласаңыз, қателесесіз. Мысалы, осы аптада порталда өте қызық тезис талданды.
Автор кейінгі жылдары АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға және батыстағы серіктестеріне қарсы бастаған сауда соғысы тарифтік бейберекетсіздік тудырып, әлемді геосаяси дағдарысқа ұрындырған кезде, Лондон экономика мектебінің Эмериті және халықаралық қатынастар бойынша іргелі теоретиктің бірі — профессор Барри Бузанның дәрісіндегі негізгі тезистерді еске түсірген өте оңтайлы болады деп шешкен. 2024 жылғы қыркүйекте Qalam Club алаңында өткен дәрісте Барри Бузан батыс үстемдік еткен дәуірдің неліктен ақыры таяғанын, біз қадам басып жатқан әлемнің қалай жұмыс істейтінін және жаңа жүйеге (көп дауысты және болжауға келмейтін) көшудің салдары қалай әсер ететінін түсіндіріп берген еді.
Мақалада Батыс әлемі қалай тәртіп орнатқанын, бұл үдерістің қалай пайда болғанын талданады.
Кейінгі екі ғасырда орнаған Батыстың әлемдік тәртібі 19-ғасырда, шамамен 1840 жылдардан басталған модернизацияның алғашқы толқынының нәтижесінде қалыптасты. Аталған кезеңде бірқатар батыс елдері (соның ішінде Жапония) индустрияландыруды басынан өткеріп, көл-көсір байлық пен орасан зор күшке ие болды. Тарихтың қай кезеңінде де ешкім мұншалық құдіретті иеленген емес.
Сондағы бұл қандай тәртіп? Батыс әлемі орнатқан тәртіп деген не? Ол әлемге қалай әсер етті? Осы және өзге де сауалдардың жауабын мақаланың толық нұсқасын оқып, таба аласыз.
Ұлықбек және астрономия
Біздің аймақ қалай жаһандық зерттеу орталығына айналды
Астрономия, жұлдыз санау, ай қарау – бәрі-бәрі қазір қолжетімдідей көрінеді. Қаласаң, қаала ішіндегі телескопқа жүгінеміз, қаласақ, қала сыртына шығып, жұлдызды аспанды тамашалап қайтамыз. Бірақ мұны да бір кездері бір ғалым зерттей бастады емес пе?
Қазіргі ғылым адамзаттың ғылыми жаңалықтарын ең әуелі Батыс мектебінің жетістігі деп таныстырып келеді. Тарихи тұрғыда бұл солай қалыптасып кеткен. Бірақ сол жаңалықтың кейбірі көбіне әлемнің басқа бөлігінде әлдеқашан белгілі болған дүниелер еді. Мысалы, әлемнің гелиоцентрлік бейнесінің авторы саналатын Коперниктен бұрын парсы, араб және үнді ғалымдары Жер қозғалмайды, оны айнала Күн қозғалады дейтін көзқарасқа балама теорияларды ұсынып үлгерген. Ортағасырларда аспан денелерін зерттеу ісінде біздің аймақтың орны ерекше болғаны да тарихи факт.
Қазақстандағы Ғылым күні мерекесінің қарсаңында Qalam Ұлықбектің айрықша ғылыми жаңалығы жайында сөз қозғап, оның қалай жүзеге асқанын тарқатып айтуды жөн көріп, оқырманына өте қызық әрі пайдалы мақала ұсынды.
Мақалада айтылатын, тақырыпта тұрған Ұлықбектің кім екенін білесіз бе? Ұлықбек — Темір әулеті империясының болашақ билеушісі Шаһрухтың үлкен ұлы, Әмір Темірдің немересі. Ол 1394 жылы, атасы Иранның солтүстігіне қызу жорық жүргізіп жатқан кезде Сұлтания шаһарында дүниеге келді. Төрт жасынан бастап-ақ Ұлықбек Темірдің Кабулға дейінгі әскери экспедициясына қатысып, кейін бұл сапар Делиді бағындырумен аяқталды. Көп ұзамай жас ханзада тағы бір әскери жорыққа қатысты — бұл жолы батысқа бет алды. Ол кезде, яғни 1402 жылы ұлы әміршінің әскері Анкара түбінде Осман сұлтаны І Баязидті ойсырата жеңді. Бірақ мұндай тарихи тұлғаны астрономиямен, жоғарыда атап өткен ғылым әлеміндегі жетістіктермен не байланыстыруы мүмкін?
Жауабын мақаладан біле аласыз.
«Қазақстан ядролық сынақтың зардабын әлі тартып келеді»
Тоғжан Қасенова
Ядролық саясат жөніндегі сарапшы, Семей полигоны туралы «Атом улаған дала» кітабының авторы Тоғжан Қасенова Qalam-ға сұхбат беріп, Кеңес билігінің ядролық сынақ жүргізу үшін не себепті Қазақстанды таңдағаны, «Невада-Семей» қозғалысының қалай пайда болғаны және полигон туралы толық шындықты неге әлі білмей отырғанымыз жайлы айтып берді. Тоғжан Қасенова бұл сұрақтарға нақты, әділ жауап беруге құқылы әрі лайықты мамандардың бірі. Ол – бар өмірін ғылымға, ал оның ішінде дәл осы ядролық сынақ тақырыбын зерттеуге арнаған адам.
«Атом улаған дала» еңбегінің авторы Тоғжан Хасенова сұхбатында Кеңес Одағының ядролық сынағы геноцид емес деген пікірді айтады. Алайда ол бұл оқиғаға бір қылмыс деп баға береді.
Бұл қылмыстың жазасын кім, қашан өтейді? Неліктен дәл Семей аймағы таңдалды? Олжас Сүлейменовтың телеарнаға шығып, қазақстандықтарды қарсылық көрсетуге шақырғаны, тарих пен болашаққа қалай әсер етті?.. Ядролық сынаққа қатысты ыза да, кек те, ашу да, реніш те, сұрақ та көп.
Qalam Тоғжан Қасеновамен бірге сол сұрақтарға жауап іздеуге тырысып көрді.
Осыған ұқсас өзге де қызық контентті Qalam Global порталынан таба аласыз.