Huawei мен China Unicom Қытайда 10G интернетін іске қосты

Жарияланды 20 Сәуір 2025 11:20

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Қытайда 10G интернетін іске қосты / Фото: ашық дерек

Huawei компаниясы мен China Unicom Хэбэй провинциясындағы Сюнъань жаңа ауданында алғашқы 10G кеңжолақты желісін сәтті іске қосты. Жоба әлемдегі алғашқы 50G PON технологиясына негізделген деп жазады  Mydrivers ресурсы.

10G интернетін іске қосу үшін оптикалық желі архитектурасын жаңартқан. Соның нәтижесінде бір қолданушыға арналған өткізу қабілеті дәстүрлі гигабиттік деңгейден 10G деңгейіне дейін өсті, ал желідегі кідіріс миллисекундтарға дейін қысқарды. Жүктеу жылдамдығы 9834 Мбит/с, ал жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с-ке жеткені хабарланды.

10G желісінің болашағы жоғары сапалы 8K бейне, бұлтты қызметтер, толықтырылған және виртуалды шындық сияқты үлкен өткізу қабілетін қажет ететін қосымшаларды дамытуда маңызды рөл атқарады.

Fast Technology порталының мәліметінше, Қытайда 1 миллиардтан астам 5G пайдаланушысы бар. Ел бойынша 18 мыңнан астам 5G+ құрылыс жобасы іске асырылып жатыр, оның ішінде өнеркәсіптік бағыттағы жобалар да бар. Ал 10G желілерін дамыту мақсатында 168 пилоттық жобаға қаржы бөлінген.

Қазақстанда әзірге 10G интернеті іске қосылған жоқ. Бірақ Freedom Шымкентте тегін WI-FI тарату жобасын іске қосып жатыр. Қазір қаладағы 40 нүктеге тегін интернет желісі орнатылған.

Сондай-ақ оқыңыз