Оңтүстік Корея АҚШ-қа қарсы салық енгізбейтінін мәлімдеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Оңтүстік Кореяның уақытша президенті Хан Док Су / Фото: Reuters

Оңтүстік Корея АҚШ енгізген кедендік баждарға қарсылық танытпайтынын. Бұл туралы Financial Times басылымына берген сұхбатында елдің уақытша президенті Хан Док Су айтты.

Оның сөзінше, бұл шешім тарихи жауапкершілікпен байланысты — яғни, Корея соғысы кезіндегі АҚШ-тың көрсеткен көмегі үшін алғыстың белгісі.

«АҚШ соғыстан кейін бізге технологиялар, инвестициялар мен қауіпсіздік кепілдіктерін берді. Бұл Кореяда шетелдік инвесторлар үшін өте қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға көмектесті», — деді Хан Док Су.

Ол сонымен қатар:

«Біздің өндірістік қуатымыз, қаржылық дамуымыз, мәдениетіміз, экономикалық өсуіміз бен әл-ауқатымыз — мұның бәрі АҚШ-тың көмегіне тікелей байланысты», — деп толықтырды.

Яғни, Оңтүстік Корея қазіргі геосаяси және сауда қатынастарында АҚШ-пен әріптестікті сақтап, «құрбандыққа баруға дайын» екенін көрсетіп отыр. Алғыстың белгісі ретінде Оңтүстік Корея АҚШ енгізген баж салығына қарсы күресудің орнына, екі тарап үшін де тиімді шешімдер табу мақсатында келіссөздер жүргізуді бастайды. Мемлекет басшысы кейбір салаларға белгілі бір қиындықтар тиюі мүмкін екенін мойындады, алайда «cауда қатынастарын ырықтандыру корей халқының әл-ауқатын арттыратынын» айтты.

Сәуірдің басында Америка әкімшілігі жүздеген елдерге қарсы баж салығын көтерді. Оның ішінде Оңтүстік Корея да бар. Ең үлкен салық Қытайға қатысты, ол елден келетін тауарларға салынатын баж салығын 125%-ға дейін жоғарылатты. Қытай да қарсы жауап қайтарды. Салдарынан екі ел арасында сауда соғысы басталып, сарапшылар әлемдік экономиканы «рецессия» күтуі мүмкін деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз