Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock

20 сәуір – христиандар үшін Пасха мерекесінің бастауы. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады.

Тоқаев барша христиандар қауымын атаулы мерекемен құттықтай отырып, биыл дүниежүзіндегі православ, католик және протестанттардың бір күнде тойлап бастағанын атап өтті.

«Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор», – деді ол.

Сөзінде өзге діндермен қатар христиандықтың қоғам үшін маңызды және барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық еліміздің мызғымас тұғыры екенін де айтты.

«Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!», – деді Тоқаев.

Пасха немесе Христостың қайта тірілуі – ең ежелгі және ең маңызды христиан мерекесі. Мұсылмандардың оразасы тәрізді бұл мерекенің нақты датасы белгіленбеген. Ай-күн күнтізбесі арқылы есептеледі. Православтар бұл мерекені 40 күн, ал католиктер 50 күн атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз