
Түрікменстанның Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов 21-22 сәуір күндері Қазақстанға екі күндік сапармен келеді. Бұл туралы Ақордадан хабарлады.
Сапар аясында Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бейресми кездесу өтеді. Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін нығайту жолдарын талқылайды.
«Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады», – деп жазылған Ақорданың телеграм арнасында.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев қазақстандық христиан қауымын Пасха мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның рухани жаңғыру мен үміттің нышаны екенін атап өткен.