Жаңалықтар

Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасы 2025 жыл соңында аяқталады

30-31 қаңтарда Алматыда кептеліс болады
Алматының Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша құрлыс жұмыстары 23 ссәуірде басталады / Фото: shutterstock

23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек даңғылындағы BRT жобасы бойынша реконструкциялау жұмыстары басталады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

«23 сәуірден бастап Райымбек даңғылында Алматының ең ірі жобасының бірі BRT желісінің құрылысы басталады. Алғаш рет көше ғимараттардың қасбетінен бастап тротуар мен жасыл аймаққа дейін толығымен жаңартылады», – делінген әкімдік хабарламасында.

3 учаскедегі реконструкциялау жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі. Жұмыстар мынадай учаскелерде жүргізіледі:

  • Пушкин көшесі — Сейфуллин даңғылы;
  • Сейфуллин даңғылы — Ахрименко көшесі;
  • Ахрименко көшесі — Алтын Орда көшесі.

Жұмыс қай кезеңдерле жүргізіледі?

Бұл учаскелерде бірінші кезеңде яғни маусымға дейінгі аралықта арық жүйесі, аялдамалар мен инженерлік желілерді көшіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл уақытта көлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

Ал екінш кезең маусым айында басталады. Бұл уақытта асфальт төсеу, жол белгілерін сызу, тротуарларды, веложолақтарды жаңарту және көгалдандыру сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.

Жалпы реконструкциялау кезінде қозғалыс сақталып, жабылған жерлерде реверсивті қозғалыс енгізіледі.

«Жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз бағыттар, қоғамдық көлікке арналған уақытша аялдамалар ұйымдастырылады. Негізгі жұмыс 2025 жылдың соңына дейін аяқталады», – делінген баспасөз хабарламасында.

BRT жобасының пайдасы неде?

BRT – бұл арнайы жолағы, жолайрықтарда басымдық берілетін «ақылды» бағдаршамы бар жүрдек автобустар жүретін жол жүйесі. Бұл жер үстіндегі дөңгелекті метро іспетті. Оның құрылысы жеңіл әрі қаржылық тұрғыдан үнемді саналады.

Әкімдік Райымбек батыр даңғылында BRT жобасының құрылысына кіріспес бұрын халықаралық тәжірибені негізге алған. Мәселен Богота қаласында іске қосылған осы жүйе негізінде жолаушылар санын 2,5 миллионнан асып, жолға кететін уақыт 32%-ға қысқарған. Ал CO₂ шығарындылары 40%-ға азайған. Яғни экологиялық тұрғыдан да, уақыт үнемдеу тұрғысына алғанда да тиімді. Ал Ыстамбұлда BRT күніне 700 мың адамды тасымалдауға мүмкіндік береді.

Алматыда BRT жүйесі мына ерекшеліктерімен тиімді болмақ:

  •  автобустардың орташа жылдамдығын 70%-ға арттырады;
  •  рейстер арасындағы уақыт 4–7 минутқа дейін қысқарады;
  • 9 негізгі маршрут іске қосылады.

Ал болашақта бұл BRT жүйесі Желтоқсан көшесіндегі BRT желісімен қосылып, Тимирязев көшесіндегі желілермен біріктіріледі. Нәтижесінде көпшілік қала тұрғындарының жеке көліктен, қоғамдық көлікке ауысуына жол ашады.