Жаңалықтар

Алматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты

Алматы жастары ипотекалық бағдарламасының нәтижесі шықты
Алматы жастары ипотекалық бағдарламасына өткендердің тізімі шықты/Фото: Kursiv.media

Алматы қаласы әкімдігінің Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасының қорытындысын жариялады.

Бағдарламаға барлығы 6626 өтінім қабылданып, оның 3412-сіне оң шешім шыққан..

Өтінім бергендер және мақұлданғандар саны

Ең көп өтінім білім беру саласының қызметкерлерінен түскен – 2191 адам. Одан кейінгі орындарда:

  • денсаулық сақтау саласы – 1381 өтінім,
  • жұмыс істейтін жастар881,
  • ЖОО мен ғылыми ұйымдар635,
  • коммуналдық қызметтер428,
  • мәдениет360,
  • құқық қорғау органдары343,
  • әлеуметтік сала245,
  • спорт86,
  • журналистика76 адам.

3412 адам бағдарлама бойынша оң шешім алды. Салалар бойынша олар төмендегідей бөлінген:

  • білім беру994 адам,
  • денсаулық сақтау630,
  • жұмыс істейтін жастар759,
  • республикалық мемлекеттік ұйым қызметкерлері249,
  • құқық қорғау органдары167,
  • басқа салалар613.

Іріктеуден өткендердің қатарында «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша 759 жалға алушы бар. Оларға «Отбасы банк» АҚ-ға жолдамалар беріліп қойған.

Бағдарлама қорытындысын мына сілтемеге өтіп, сайттың төменгі жағынан көруге болады.

Бағдарламаға өтінім қабылдау 2025 жылдың 14 наурызы мен 26 наурыз аралығында жүрген.