Жаңалықтар

Рим папасы Франциск қайтыс болды

Рим папасы Франциск қайтыс болды
Рим папасы Франциск қайтыс болды/Фото: Getty

Бүгін, 21 сәуірде, Ватикан Рим папасы Франциск қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол 88 жасында өз резиденциясы – Каса-Санта-Мартада көз жұмған.

«Бүгін таңғы сағат 7:35-те Рим епископы Папа Франциск үйіне аттанды. Оның бүкіл өмірі Жаратқан Иеге және Шіркеуге қызмет етуге арналды», – деп жария етті Кардинал Кевин Фаррелл.

Аргентиналық Хорхе Марио Бергольо (шын есімі) 2013 жылдан бері Рим-католик шіркеуін басқарған. Ол бұл лауазымға келген Латын Америкасынан шыққан алғашқы Папа және иезуиттер орденінен шыққан алғашқы басшы болды. Оның рухани жетекшілігін бүкіл әлем бойынша 1,4 миллиард сенуші мойындаған.

Бұған дейін Рим папасы пневмонияға шалдыққанына байланысты, қызметінен кетуі мүмкін екені хабарланған.