Жаңалықтар

Түркістанда Тоқаев пен Бердімұхамедов кездесті

Түркістанда Қ.Тоқаев пен Г.Бердімұхамедов кездесті
Түркістанда Қ.Тоқаев пен Г.Бердімұхамедов кездесті/Фото: Ақорда сайты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға келген Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Ақорда таратқан хабарламаға қарағанда, президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан өзі қарсы алған.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.