300 млн теңгеге арзан: Мәсімовтің үйі үшінші рет сатылымға шығарылды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Мәсімовтің үйі қайта сатылымға шығарылды / Фото: e-qazyna

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» (КУВА) Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үйді үшінші рет сатылымға шығарды. Екі рет саудаға 1,9 млрд теңгеге шығарылған зәулім сарайдың құны 282 млн теңгеге арзандаған. КУВА осы жолы зәулім сарайды 1,6 млрд теңгеге сатуға ниетті.

Мәсімовтің үйін сатып алуға өтініш 2025 жылдың 13 мамырына дейін жалғасып, сауда-сатты сол күні өтеді. Үй Астана қаласы, Нұра ауданының, Ерейментау -1 мекенжайында орналасқан.Үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Тұрғын үймен қоса, жиһаз, электронды техника, өнер туындылары мен кәдесыйлар да сатылымға қойылды.

Бұл зәулім сарай Кәрім Масімов 18 жылға сотталғаннан кейін мемлекет меншігіне өткен. Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға тырысты және қызметін асыра пайдаланды дегеп айып тағылған.

Бұған дейін кәсіпкер Мұхтар Жәкішев экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовтің коттеджін сатып алғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алайда кәсіпкер бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз