Алматыдағы тарихи ескерткіштердің жартысы жекенің қолына өтіп кеткен

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы әкімдігі тарихи ескерткіштерді зерттеуге 128 млн теңге бөлген / commons.wikimedia.org, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматы қаласының әкімдігі 128,5 миллион теңгеге ғылыми зерттеуге тапсырыс берген. Мақсат – қаладағы тарихи ескерткіштердің жай-күйін жаңадан бағалап, оларды қорғау аймақтарының шекарасын нақтылау. Тізімге енген 126 нысанның жартысы қазір жекенің меншігінде.

Әкімдік мәліметінше, ғылыми жұмыс құрылысқа қойылатын шектеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафтарды да қамтиды. Жиналған деректер қаладағы тарихи-архитектуралық жоспарға енгізіліп, ресми карталарда көрсетілмек.

«Бұл аймақтардың шекарасын жергілікті атқарушы орган бекітіп, тарихи-архитектуралық жоспар мен карта-схемада белгіленеді», – деп хабарлады Алматы қаласы мәдениет басқармасы.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сай, зерттеу құны – 128,5 млн теңге. Жұмыстар 2025 жылдың шілде айына дейін аяқталуы тиіс. Техникалық тапсырмаға сәйкес, мердігер:

  • әр нысанды тікелей барып тексеріп,
  • аэрофототүсірілім жүргізіп,
  • ескерткіштер мен оларға іргелес жер телімдерінің меншік иелері туралы деректер жинап,
  • әр нысанға қатысты егжей-тегжей түсіндірме жазба дайындауы керек.

Алматыда қанша тарихи нысан бар және олардың иесі кім?

Көпес Ғабдулуәлиевтің үйі.

Әкімдік дерегіне сәйкес, Алматыда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінде 126 нысан бар. Соның ішінде 59-ы – жекеменшікке тиесілі.

Алайда осы зерттеуге арналған тенде құжаттарында 127 нысан көрсетілген. Оның 70-і — ғимараттар, қалғандары: қорғандар — 25, ескерткіштер/монументтер — 16, мүсіндер — 10, басқа архитектуралық элементтер — 6.

Бұл ретте лотқа тіркелген тізімде тек 6 нысанның меншік иесі ретінде жеке компаниялмен ұйымда көрсеті:

  • Орманшы Баум үйі (1889 ж., Амангелді к-сі, 68а) — Teaspoon өндірістік компаниясы (HorecTech бренді), құрылтайшысы – Виктория Рысина;
  • Көпес Ғабдулуәлиевтің үйі (1909 ж., Төлебаев к-сі, 38а) — Emi Engineering ЖШС, құрылтайшысы – Амина Ахметова (2GIS мәліметінше, ғимаратта бар, мейрамхана, компьютер клубы орналасқан);
  • Халықтық бақылау комитетінің бұрынғы ғимараты (1938 ж., Абылай хан д-лы, 77) — Heritage Capital ЖШС, иесі – Mercury Properties ЖШС (құрылтайшылары: «Кипрос» ЖШС (Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева);
  • Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы ғимараты (Абылай хан д-лы, 79) — «Аманат» партиясының штабы;
  • «Іле» қонақ үйі (1947 ж., Бөгенбай батыр к-сі, 140) — «Цептер Интернешнл» кеңсесі, құрылтайшысы – UBA United Business Activities Holding AG (Швейцария);
  • «Қазгеология» ғимараты (Назарбаев д-лы, 110) — Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC International in Kazakhstan).

Заң бойынша, ескерткіш иелері меншік иесі ауысқаны туралы әкімдікке хабарлауы тиіс. Бірақ мәдениет басқармасының айтуынша, соңғы бір жылда ондай хабарлама келіп түспеген. Дегенмен, нысандардың жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізіледі және былтыр заңбұзушылықтар тіркелмеген.

«Есік» қонақ үйі

Қай ескерткіштер тізімнен шығарылуы мүмкін?

Әкімдік қазіргі таңда ешбір ескерткішті бұзу немесе тарихи ескерткіштер қатарынан шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Алайда егер қандай да бір нысан бұзылған немесе тарихи құндылығынан айырылған деп танылса, заң бойынша ол тізімнен шығарылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта екі нысан республикалық маңыздағы ескерткіштер қатарына ауыстырылмақ:

  • Көпес Филипповтың үйі;
  • Саяси-ағартушылық үйі.

Бұған дейін «Курсив» басылымы Алимжанов көшесі, 54 мекенжайындағы, Ысқақ Ғабдулуәлиевпен байланысты ғимарат бұзылатынын хабарлаған. Әкімдік бұл нысан архитектуралық ескерткіш мәртебесіне ие болмағанын, сондықтан оның орнына 12 қабатты әкімшілік ғимарат салуға рұқсат берілгенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз