Димаш фан-кездесу билеттерінің сатылымға қашан шығатынын айтты

Жарияланды 21 Сәуір 2025 11:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш фан-кездесу билеттерінің қашан сатылатынын айтты / фото: фото: Maximilian Koch via Reuters 

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерімен өтетін фан-кездесуіне билеттер 22 сәуірде сағат 20:00-де Ticketon.kz сайтында сатылымға шығады. Бұл туралы әнші ө Instagram парақшасында хабарлады.

«Құрметті достар! 26 мамырда Алматы Аренада Dears-пен фан-кездесу өтеді! Фан-кездесу билеттерін Ticketon сайтынан ертең сағат 20:00-ден бастап алуға болады. Ал 27 мамырда біз сіздермен «Stranger» концертінің кинотеатрлардағы көрсетілімінде көрісеміз!» – деп жазды әнші.

26 мамыр күні Алматыдағы Almaty Arena стадионында Dears атты фан-кездесу өтпек. Шара 2024 жылдың 13–14 қыркүйегінде Астанада өткен үлкен стадиондық концерттің эксклюзивті көрсетіліміне арналады. Фан-кездесуде Димаштың жанкүйерлермен жүздесіп, ерекше музыкалық сәттер мен естеліктермен бөлісуі жоспарланып отыр.

Ал 27 мамырда әншінің «STRANGER» атты жеке концерті Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Димаш бұл премьераны көрермендермен бірге тамашалайтынын да мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз