Жаңалықтар

Шетел агенттері туралы заң жобасын әзірлеп жатқан жоқпыз – Әділет министрі

шетел агенттері туралы заң
Әділет министрлігі шетел агенттеру туралы заң жобасын әзірлеп жатқан жоқ / Фото: shutterstock

Қазақстанда шетел агенттері туралы заң жобасы әзірленіп жатқан жоқ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.

«Жақында ақпарат министрі шетел агенттері туралы заң жобасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Әділет министрі мұндай заң жобасы жоспарда жоқ екенін хабарлады. Нақты мұндай оба қарастырыла ма?» – деп сұрады журналист.

Министр Мұндай жобаның министрлік тарапынан қарастырылмағанын айтты.

«Біздің үкіметтік жоспарда ондай заң жоьасы болған емес. Ал Мәдениет және ақпраат министрлігінің жоспарын қарау керек. Пысықтау керек. Осындай ұсынныс болып датса, зерттеп көруге дайынбыз», – деді министр.

Министр Мәдениет және ақпарат министрлігінің мұндай жоспары болса, ол жобаның егжей-тегжейлі қарастырылып, халықаралық тәжірибе толыққанды зерттелетінін мәлімдеді.

Бұл қандай заң?

Жалпы шетел агенттері туралы заң жобасын Ресей бірінші болып қабылдады. Одан кейін дәл сол азңды Грузия парламенті қабылдады. Депутаттардың бұл шешіміне Грузия халқы қарсы шығып, ереуілдер ұйымдастырды. Халық бұл заңды Ресейлық «иноагенттер» туралы заңның көшірмесі екенін айтып, бұл заңның күшін жоюды талап етті. Грузияның бұл шешімін АҚШ та айыптап, бұл қадамды оппозиция мен демократиялық бостандығын басып-жаншу құралы ретінде бағалады.

Шетел агенттері туралы заңды Қырғызстан да қабылдады. 2024 жылдың көктемінде Жогорку кенеш депутаттары «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қырғыз Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл заң жобасына сол кездегі АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен алаңдаушылық білдірген болатын. Алайда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Блинкеннен Қырғызстанның ішкі істеріне араласпауды сұрады.