Тоқаев «Жастар» паркінде ағаш отырғызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар» паркінде ағаш екті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті», – делінген Ақорда хабарламасында.
Жалпы Қазақстан бойынша «ағаш егу күні» акциясы жүріп өтті. Акция аясында елде соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет отырғызылды.
Бұдан кейін мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені аралаған. Көрмеде презижентке қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар тансытырылып, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары көрсетілген.
Айта кетейік, бұл жко бастаманы Алматы қаласы да қолдады. Алматы әкімдігі «Жасыл аула» акциясы аясында тұрғындарға 2 мыңға жуық тегін көшеттер таратқан болатын.
Жалпы, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылға дейін елде 2 млрд ағаш егуді тапсырған болатын.