
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина осы апта ішінде бітімге келетініне үмітті. Бұл туралы Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Ресей мен Украина осы аптада келісімге келеді деп үміттенемін», – деп жазды ол жексенбі, 20 сәуір күні өзінің Truth Social парақшасында.
Сондай-ақ Трамп екі елдің АҚШ-пен бірге «үлкен бизнеспен айналысып», «байлыққа қол жеткізе алатынын» мәлімдеген.
The Wall Street басылымы Трамп әкімшілігінің кейбір идеяларын Киев үшін қиынға соғатынын жазады. Өйткені АҚШ екі тарап соғысты тоқтатуға келіспесе, бұл іске араспайтынын мәлімдеген болатын. Сонымен бірге Америка Украинаның НАТО-ға кіруін күн тәртібінен адып тастауға ниетті. Жоғары жақтағы дереккөздер Американың соғысты қазіргі майдан шебінде тоқтатуды ұсынып отырғаны айтылады. Яғни Ресей басып алған жерлерді Украинаға қайтармайды. Осылайша Киевке қатты қысым жасалып жатқанын жазады басылым.
Сонымен бірге АҚШ Қырымды Ресей территориясы ретінде тануы мүмкін деген де әңгімелер айтылып жатыр. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғанда, Америка бұл жерлерді Ресей территориясы ретінде мойындамайтынын мәлімдеген. Тіпті Конгресс оны мойындауға тыйым салатын заң шығарған. 2018 жылы Трамптың сол кездегі мемлекеттік хатшысы Майк Помпео аннексияланған жерлерді мойындау халықаралық заңнамаларға қайшы келетінін мәлімдеген болатын.
Айта кетсек, Пасха мерекесінің құрметіне орай 30 сағатқа атысты тоқтатуға келіскен. Алайда 20 сәуір күні екі тарап бірін-бірі айыптап, Пасха бітімі бұзылғанын хабарлады. Украина Президенті Владимир Зеленский Кремльдің Пасха мерекесіне орай жарияланған уақытша бітімді 59 рет бұзғанын бұзып, 5 рет шабуылға әрекеттенгенін мәлімдеді.