Жаңалықтар

Түркия алғашқы телекоммуникациялық жер серігін іске қосты

Түркияның жер серігі 2023 жылы 9 шілдеде ғарышқа ұшырылды/фото: KursivMedia мұрағаты
Түркияның жер серігі 2023 жылы 9 шілдеде ғарышқа ұшырылды/фото: KursivMedia мұрағаты

Түркия алғашқы телекоммуникациялық жер серігін іске қосты. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған мұны тарихи мүмкіндік деп атады.

Ttrthaber ақпаратына қарағанда, ÜRKSAT 6A байланыс жер серігінің іске қосылуы Түркия үшін маңызды оқиға болды.

 «Түркияның алдына тарихи мүмкіндік ашылды. Еліміз жаһандық жүйеде өз орнын алуға жақын», – деп мәлімдеді Ердоған.

Президенттің айтуынша, бұл – алғаш рет толықтай жергілікті және ұлттық байланыс жер серігі. TÜRKSAT 6A- 2023 жылы 9 шілдеде ғарышқа ұшырылды. Ал алғашқы сынақ трансляциясы 2024 жылғы 17 ақпанда жасалды.

Ердоған TÜRKSAT 6A жобасына үлес қосқан барлық мекемелер мен инженерлерге алғысын білдірді. Жер серіктің 15 жылдан астам уақыт қызмет ететінін және Түркияның ғарыштағы спутниктер санының 10-ға жеткенін айтты.

Президенттің сөзіне қарағанда, Түркия әлемде өз жер серігін жасай алатын 11 елдің қатарына енген.  

Мұның алдында Ыстанбұл қаласының экс-мэрі, оппозиция өкілі Екрем Имамоғлы прокурорға қоқан-лоқы көрсетті деген айыппен сотқа тартылғанын жазған едік.