Банк пен қаржы

Нарықтағы жағдай: мұнай, алтын және акциялар құны

Әлем нарығы әлі де теңселіп тұр
Әлем нарығы әлі де теңселіп тұр / Фото: Нейрожелі көмегімен жасалған, бильд-редактор Дастан Шанай

Дүйсенбі күні әлем нарығында мұнай тағы арзандаса, алтын бағасы әлі көтеріліп жатыр. Доллар мен акциялар құны түсіп жатыр деп жазды Reuters.

Мұнай

Дүйсенбі күні мұнай бағасы 1,5%-ға төмендеді. Себебі инвесторлар АҚШ-тың сауда әріптестеріне баж салығын енгізуі экономикалық кедергі туғызады деп есептейді. Соның салдарынан отынға сұраныс та азаяды.

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,10 долларға арзандап, бір баррель 66,86 доллар болды. West Texas Intermediate маркалы мұнай фьючерстері де 1,11 долларға арзандап, 63,57 долларға тоқтады.

Сенбі күні АҚШ пен Иран арасында ядролық келіссөздердің ілгері жылжу нығашына байқалды. Осының өзі мұнайдың біршама арзандауына себеп болып отыр. Осының алдында АҚШ Иран шикізатына шектеу енгізнен тұста мұнай бағасы әжептәуір көтерілген еді.

Алтын

Сауда соғысы шиеленіскен уақытта алтын бағасы тоқтаусыз өсіп келе жатыр. Енді оның бір унциясы 3384 доллар тұрады. Дегенмен баға осымен тоқтай қоймайды. АҚШ-та алтын фьючерстері 2%-ға көтеріліп, 3396 долларға дейін жетті.

Reuters сарапшылары алтын 3500 доллардың межесін бағындыруға беттеп келе жатқанын айтты.

Күміс 0,3%-ға көтеріліп, бір унциясы 32,66 доллар болды. Платина – 969,68 (0,3%), палладий – 959,43 доллар (-0,3%).

Акция

Азиядағы акциялар және америкалық акциялардың фьючерстері дүйсенбі күні төмендеді. Оған АҚШ президенті Дональд Трамптың Федералдық резерв жүйесін сынағаны да себеп болды. Өйткені мұндай шабуылдардың орталық банк пен әлемдік нарықтар тәуелсіздігіне кері әсер етуі мүмкін.

Нарықтардың дені жұма күні жабылған, бірқатары, әсіресе Еуропада дүйсенбі күні Пасха мерекесіне байланысты демалады.

S&P 500, Nasdaq фьючерстері төмендеді. Азияда Nikkei жапон компаниясының акциялары 1%-ға түсті. Оңтүстік Корея бағаны ұстап тұр. Тайвань акциялары 1%-ға түссе, Қытай дүйсенбі күні біршама өрледі.

«Нарықтар геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты толқып тұрса, енді оған Трамптың Федералдық резерв жүйесіне жұмысына араласуы кері әсер етіп жатыр», – дейді Сингапурдағы Saxo компаниясының бас инвестициялық стратегі Чару Чанана Reuters агенттігіне.