Жаңалықтар

ҚазМұнайГазда ауыс-түйіс: төраға орынбасарлары ауысты

Ұлттық компания басшылары ауысты / фото: ҚМГ

Ұлттық компанияда ауыс-түйіс. Қазбек Құсайынов «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол Серікқали Брекешевтің орнына келді.

ҚМГ мәліметінше, Брекешев «компаниядан өз еркімен кеткен».

Қазбек Қайнарбекұлы Құсайынов ҚМГ-ның стратегиялық және корпоративтік дамуына, тұрақты даму мен ESG, жобаларды басқару тиімділігін арттыруға, сонымен бірге декарбонизация және экология мәселелеріне жетекшілік етеді.

Құсайынов еңбек жолын 2000 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-да әкімшілік департаментінің маманы болып бастады. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің бас маманы, «ҚазТрансГаз» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды. «M&SE» ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың тамыз айынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директоры болды.