Былтыр отау құрған 124 мың жұптың 61 мыңы ажырасып кетті – министр

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
2024 жылы отау құрған 124 мың жұптың тең жартысы ажырасып кетті / Фото: kursiv.media архиві

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев өткен жылы отау құрған 124 мыңнан аса жұптың тең жартысы ажырасып кеткенін мәлім етті. 

Министрдің айтуынша, биыл жыл басында алимент өндіруге қатысты 283 мың құжат болған. Оның 12 835 немесе 4% пайызы проблемалы және олар бойынша алимент төленбейді. Оларға мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады.

«Алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезіндегі негізгі проблемалар тұрақты табыстың және мүліктің болмауы, ал кейбір жағдайларда табыстарды қасақана жасыру болып қала береді. Жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, жұмысқа орналасқан борышкерлердің саны жыл сайын артып және 2024 жылы 6 232 борышкерді құрады», деді министр мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Ведомсво басшысы борышкерлерге қолданылатын шаралардың ең соңғысы оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту екенін айтады. Алайда мұның өзі алимент төлемеу мәселесін толығымен шешпейді. Министр мәліметіне сенсек, 2024 жылы 4 642 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасу ісі де азаймай тұрағанын айтып, статистикадан дерек келтірді.

«Балаларын асырауға ниеттің болмауы, алимент төлеуден жалтару – отбасы-неке қатынастары дағдарысының салдары. Бұған дәлел, өткен жылы тіркелген 61 080 ажырасу санын құрайтын статистикалық көрсеткіш, бұл неке қию санының (124 774) жартысына жуығын құрады», – дейді Сәрсембаев.

Айта кетейік, осыған дейін депутат Берік Бейсенғалиев ажырасатындарға салынатын баж салығының мөлшері көбейтілетінін айтқан еді. Депутат ажырасуға салынатын баж салығы 20 АЕК көлемінде белгіленіп отырғанын жеткізді. Бұл – 79 640 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз