
Мессенджерде Алматы орталығында оқ атылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Қаланың полиция департаменті KursivMedia тілшісіне дыбыстың Ұлттық ұланның әскери бөлімі орналасқан маңнан шыққанын, ол жерде жоспарлы оқу-жаттығу өткізілгенін хабарлады.
«Оқ атылған дыбыс туралы азаматтардан түскен ақпарат тексерілді. Жақын жерде Ұлттық ұланның әскери бөлімі орналасқаны, ол жерде жоспарлы оқу-жаттығу өткізілгені анықталды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды.