Chevrolet Tracker, Оnix пен Cobalt-ты қалай 4%-бен алуға болады

Жарияланды 22 Сәуір 2025 08:34

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
Chevrolet Tracker, Оnix пен Cobalt-ты қалай 4%-бен алуға болады
Chevrolet Tracker, Оnix пен Cobalt-ты қалай 4%-бен алуға болады

KursivMedia автомобиль нарығындағы сатылым көшбасшыларының тиімді ұсыныстары туралы материалдар сериасын жалғастырады. Бұл жолы наурыз айында 2738 авто сатып, тізімде екінші сатыға жайғасқан Chevrolet брендінің арнайы ұсыныстары туралы баяндаймыз.

Кейінші жылдары тек үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан бренд бүгінде өзінің үш моделіне арнайы ұсыныс әзірлеген.

Chevrolet Tracker

Бренд сайтында Chevrolet Tracker кроссоверін Allur Finance-тан айына бар болғаны 111 269 теңгеден бастап сатып алуға болатыны айтылады.

Ол үшін 30% мөлшерінде бастапқы жарна құю қажет. Сонда көлікті 4 пайыздық мөлшерлемемен 84 айға алуға болады. Chevrolet Tracker 11 590 000 теңгеден басталады.

Оnix пен Cobalt 

Аталған екі модельге бренд «Chevrolet. Өзіміз ғой» бағдарламасы аясында «Бәке», «Сәке», «Мәке», «Тәке» деген 4 опция ұсынып отыр

БӘКЕ опциясы – 4%-бен несиелеу.

Бастапқы жарна – 10%-дан бастап.;

Несиелеу мерзімі – 48 ай;

Пайыздық мөлшерлеме – 4%.

СӘКЕ – бастапқы жарнасыз бөліп төлеу

Бастапқы жарна – 0%;

Несиелеу мерзімі – 24 ай;

Мөлшерлемесі – 0,1%;

МӘКЕ – 6 жылға дейін әділ бөліп төлеу.

Бастапқы жарна – 50%;

Несиелеу мерзімі – 72 айға дейін;

Оnix моделіне ай сайынғы төлем – 66 879 тг бастап.

Cobalt-қа 63 664 теңгеден бастап.

ТӘКЕ – қолайлы төлем.

Бастапқы жарна – 30%;

Несиелеу мерзімі – 84 ай;

Оniх-ке ай сайынғы төлем – 102 896 тг.

Cobalt-қа – 98 318 тг.;

Сондай-ақ, әр клиент өзіне бастапқы жарна сомасына қарай Chevrolet модельдерін 14% мөлшерлеме мен 7 жылға дейінгі қолайлы нұсқаны таңдай алады.

Бұған дейін, Hyundai модельдеріне арналған тиімді шарттар туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз