Пойызда босанған әйел нәрестесін терезеден лақтырып жіберген
Жарияланды
(жаңартылды )

Әйел Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда босанып, баласын терезеден лақтырып кеткен. Оқиға Қарағанды маңынан өтіп жатқан тұста болған. Ақпаратты Көліктегі полиция департаменті Kursiv.Media тілшісіне растады. Тергеу жүріп жатыр.
Полиция тергеу аясында барлық қажетті шешім қабылданатынын жеткізді.
«Бұл дерек бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соның шеңберінде тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады көліктегі полиция.
Liter-дің хабарлауынша, әйелмен бір пойызда келген куәгерлер әуелі дәретханадан купелердің біріне дейін аққан қанды көрген. Купе ішінде әйелді көрген. Оның баланы дәретханада босанып, содан кейін шақалақты терезеден лақтырғаны белгілі болған.