«Өкпе-реніші болған»: Руслан Берденовтің досы мәлімдеме жасады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Берденов
Руслан Берденовтің жағдайы жақсарды/фото: Берденовтің facebook парақшасынан

Кәсіпкер Сырымбек Тау әлеметтік желідегі парақшасында видео жариялап, жарақат алған Руслан Берденовтің жағдайы туралы ақпарат берді. Оның сөзінше, әкім орынбасарының жағдайы жақсы, ота сәтті аяқталған.

«Руслан Берденовтің жағдайы өте жақсы деуге болады, сауығып келе жатыр. Есін жинады. Ота сәтті аяқталды. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Әрі қарай дәрігерлердің бақылауында болады, – деді ол.

Сондай-ақ Сырымбек Тау әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратпауға шақырды.

«Жалған ақпарат, қауесет өте көп. Оған сенбеуді сұраймын. Жалған ақпарат таратпайық. Бұл әркімнің басында болуы мүмкін жағдай. Тек құзырлы органдар таратқан ақпаратқа сеніңіздер», – деді кәсіпкер.

Айтуынша, күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

«Ол кісінің әйелі (Руслан Берденовті – ред.) танымаймын, көрген емеспін деп айтып жатыр. Жұмыстан шығарғанына сәйкес өзінің ішінде реніш, өкпесі болған. Күдіктінің мұндайға қалай барғанын құзырлы органдар анықтап, нақты ақпарат береді», – дейді Сырымбек Тау.

Айта кетейік, Шымкент қаласының орынбасары, экс-депутат Руслан Берденовқа шабуыл жасалды.

Сондай-ақ оқыңыз