Ресей Қазақстан бидайына қойған шектеуді алып тастады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ресей Қазақстан бидайына қойған шектеулерді алып тастады
Ресей Қазақстан бидайына қойған шектеуді алып тастады/Коллаж: KursivMedia

Ресей Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі (Россельхознадзор) Қазақстаннан Ресей аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелуге уақытша қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешімін шығарды.

Шешім бүгін – 22 сәуірден бастап күшіне енген.

«2025 жылғы 22 сәуірден бастап Россельхознадзордың 2024 жылғы 14 қазан және 18 қазандағы шешімдерінде көрсетілген Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясы аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдерге қойылған уақытша шектеулер алынып тасталсын», – делінген құжатта.

Айта кетейік, Россельхознадзор 2024 жылғы қазанда Қазақстаннан төмендегі өнім түрлерін әкелуге шектеу енгізген:

  • қауын.
  • жұмсақ және қатты бидай;
  • жасымық;
  • майлы зығыр тұқымы;
  • қызанақ;
  • бұрыш;
  • үшінші елдерден шыққан тұқымдық күнбағыс дәндері;

АШМ сол кезде мәселені жедел шешуге тырысып жатқанын жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыз